Болат Жексенғалиев: Сындарлы сәтте ел болып таңдау жасауымыз қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болат Жексенғалиев: Сындарлы сәтте ел болып таңдау жасауымыз қажет

24.02.2015
Болат Жексенғалиев: Сындарлы сәтте ел болып таңдау жасауымыз қажет

Қазақстан халқы Ассамблеясының президент сайлауын биыл өткізу туралы ұсынысын еліміздің зиялы қауым өкілдері мен мәдениет қайраткерлері құп көреді.

«Олар еліміздің ертеңін ойласақ, бүгін осындай шешуші сәтте бір болуымыз керек», деген пікірде.

«Президент сайлауын биыл өткізу - Тәуелсіздігімізді баянды ететін маңызды шара. Бұл - халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Болат Жексенғалиевтың  пікірі.

«Шаңырақтың шырқын бұзбай, тату-тәтті ғұмыр кешу - әр адамның тілегі. Сондықтан, сындарлы сәтте ел болып дұрыс таңдау жасауымыз қажет», дейді тіл жанашыры.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

 

Хабарламаларға жазылу