Елдегі тұрақтылық пен баянды болашақты бағалайды. Ол үшін қарапайым жұмысшыдан қызметтегі шенеунікке дейін ел экономикасының өсіп-өркендеуіне аянбай еңбек етеді.
Елдегі саяси маңызды қадамдардан қалыс қалмай, ойларын ортаға салады. Осы жолы да сан-түрлі саланың тізгінін ұстаған ел тұрғындары Ассамблея ұсынысына қатысты пікір білдірді.
Жұмыста нақты дерек пен дәйекті басшылыққа алатын тарихшы Жайсаң Ақбай «Президент сайлауын биыл өткізу уақыт талабы»,-дейді.
Оралдық өлкетанушы «Жаһанды дағдарыс дендеп барады. Ал, біздің болашағымызды баянды ететін бағдарламамыз бар. Ең бастысы оның кідіріссіз жүзеге асыру»,- дейді.
Айдана ҮСЕНБАЙ