Яғни, «екі сайлауды қатар өткізу тиімсіз. Сол себепті Ассамблея ұсынысының уақытында көтерілген бастама екенін бәріміз түсінуіміз керек», - дейді еліміздің зиялы қауым өкілдері.
«Асыл мұра» қоғамының төрағасы Таңат Сүгірбаев Ассамблея ұсынысын құп көргендердің бірі. «2016 жылы қос сайлауды қабаттастырмай, бөліп өткізген дұрыс», - дейді Таңат Сүгірбаев.
Келер жылы әлемді үлкен қиындықтар күтіп тұр. Оны еңсеретін күш бірлікте. Ал, халықтың достығы осындай сәтте көрінеді.
Ел болашағы үшін мәні зор таңдаудың дер кезінде жасалуына өнер адамдары да мүдделі.
«Ойласып пішкен тон келте болмайды» деген ақтөбелік ақын Орал-Қосай Байсеңгір үшін де көпшілік шешімі қымбат.
Мәдениет саласының үздігі әріптестері мен барлық шығармашылық адамдарының пікірі өз ойымен үндес екеніне сенімді.
Осылайша президент сайлауын осы жылы өткізу керек дейтіндер саны күн сайын артып келеді.
Бұл - елдің хал-ахуалының тұрақты болуының және бірліктің кепілі болмақ, дейді қолдаушылар.