Құжаттың маңыздылығын түсіндірген Бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель келісімнен кейін екі елдің құқық қорғау органдары қылмысқа қарсы әрекет етуде, азаматтардың құқықтарын қорғауда қоян-қолтық жұмыс жасайтынын айтты.
Баса айтатыны, Қазақстан Орталық Азия елдері ішінен алғаш рет АҚШ-пен аталмыш келісімге қол жеткізген мемлекет.
Ендігі кезекте біздің ел қылмыстық істерде өзара құқықтық көмек көрсету мен сотталғандарды экстрадициялауға қатысты америкааралық конвенцияға қосылуға ниетті.
Әлия ӘШІМ