Вера Шохина: Ел экономикасын нығайта түсу – жауапты міндет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вера Шохина: Ел экономикасын нығайта түсу – жауапты міндет

23.02.2015
Вера Шохина: Ел экономикасын нығайта түсу – жауапты міндет

Жаһанда орын алған тұрақсыздық пен дағдарыс кезеңінде стратегиялық бағыттан айнымай, ел экономикасын нығайта түсу жауапты міндет.

Бұл ретте «Нұрлы жол» бағдарламасы, «Қазақстан-2050» стратегиясы жаһандық дағдарыс сынынан өтудің басты кепілі.

Сондықтан да дәл осы кезеңде ортақ мақсат жолында топтасып, ел үшін маңызды шешім қабылдауымыз керек.

Қазақстан халқы Ассамблеясының президент сайлауын биыл өткізу жөніндегі ұсынысы дер кезінде көтерілген бастама, дейді Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу