Еліміздің зиялы қауым өкілдері «Сайлауды биыл өткізу әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға сеп болады»,- дейді.
Сондай-ақ, бұл саяси науқан «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген бағдарламаларды дамытуға мүмкіндік береді.
«Түтініміздің түзу шығып, керегеміздің берік болуы үшін әлеуметтің әлеуетін арттырып, экономиканың тамырына қан жүгірту - басты мақсат.
Бұл ұсыныс уақытылы айтылды. Дер кезінде сайлау өткізу - қай жағынан алып қарасақ та тиімді», дейді Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын Несіпбек Айтұлы.
Индира БЕГАЙДАР