160 мың тұрғыны бар Талдықорған қаласының тұрғындары да бастаманы қолдап-қуаттап отыр.
Жетісулықтар «Сындарлы сәтте бір болып, мемлекет басшысын сайлап, жаңа белестерді бірге бағындыру қажет»,- дейді.
Ал, теріскейлік тұрғындар сайлау әлеуметтік мәселелердің шешу қарқынын үдете түсетініне сенімді.
Ақтөбелік тұрғындар бастаманы бірауыздан қолдады. «Бұл - ел тыныштығын сақтап, экономикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін керекті бастама», дейді.
Шаһар тұрғындары саяси науқанға атсалысуға дайын екендіктерін айтты.
Айдана ҮСЕНБАЙ