Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысына аймақтар үн қосуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысына аймақтар үн қосуда

18.02.2015
Қазақстан халқы Ассамблеясының ұсынысына аймақтар үн қосуда

Оралдықтар да уақыт талабына сай сайлауды өткізіп, таңдау жасауға дайын. Сондықтан елімізде президент сайлауын өткізуді қуаттап отыр.

«Қазіргі алмағайып кезеңде алда атқарылар істерді тағы бір нақтылап, пысықтап алған дұрыс. Қандай жағдай болса да, ел болып еңсеріп, жұрт болып жұмыламыз»,- дейді Сыр халқы. 

Павлодарлықтар да ұсынысты қолдап, жақсылықтың сара жолында тұрмыз дегенді айтады.

Осылайша әр өңірдің тұрғындары президент сайлауын өткізу бастамасын қолдауда. Тұрмысы бөлек болғанмен, мүддесі бір, кәсібі бөлек болғанмен, тағдыры бір халықтың ойы осы.

 

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу