Себебі әлемде дағдарыс пен түрлі шиеленіс үстемдік құрып тұрған шақта саяси науқанды созбалыққа салуға болмайды.
Ал, Қазақстан халқы таңдауын жасап, бағыт-бағдарын бүгіннен айқындап алса, қиындықпен жұмыла күресуге жол ашылады.
Дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру, халықтың әлеуметтік ахуалын төмендетпеу – бүгінде билік басындағылардың басты назарында.
«Біздің міндетіміз электоралдық кезеңде тоқырап қалмай, оны жылдам өткізу. Сосын барлық күш-жігерімізді экономикалық бағытқа жұмылдыру. Елбасының өзі көрсеткен стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру жолында жұмыла еңбек етуіміз қажет», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Валерий Вишниченко.
Дәуренбек ӘБДІБЕК