ИШИМ Қазақстанға да қауіпті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ИШИМ Қазақстанға да қауіпті

16.02.2015
ИШИМ Қазақстанға да қауіпті

Бұл туралы Мәскеу-Баку-Астана телекөпірі барысында ресейлік саясаттанушы Сергей Михеев мәлімдеді.

Ұйымның Ресейге, Қазақстан мен Орта Азия елдеріне қаупін айтқан қатысушылар ИШИМ-ді қаржыландыру тоқтатылу қажет деді.

Әзірге Батыс елдері бұл мәселені қолға алған жоқ. Өзбекстан тарапынан да бақылау бәсеңдеп тұр. Сондықтан Азиядағы аталмыш елдер бас қосып күресуі тиіс. Бұл спикерлердің ортақ көзқарасы.

Ал, ұйымның тұтануы турасында пікір қаққа жарылды. Қазақстан тарапынан сөйлеген Болат Байқадамов Батыстың Ислам дініне деген дөрекі көзқарасын алға тартты.

«Бұған кешегі «Шарли Эбдо» журналындағы Пайғамбарды мазақ еткен карикатура дәлел» деді спикер.

Айта кетейік, қазір лаңкестік ұйыммен күреске 60 мемлекет жұмылды. Соның 12-сі мұсылман елі.

 

Әлия ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу