Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлімдеді.
Министрлік басшысы еліміз үшін маңызды қос келіссөздің толық аяқталатынына сенімді.
Құжаттарға қол қойылған соң нақты бағыттар бойынша жұмыстар басталмақ.
Министр Қазақстан үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудің экономикалық қана емес, саяси мәні бар екендігін айтады.
Ұйым арқылы еліміздің жаһандық сауданың бірлескен жүйесіне, техникалық талаптарға қол жеткізуіне мүмкіндігі зор.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ