Қарлы боран әсіресе Байбура асуында көп болады. Республикалық тас жолдың осы бөлігіне жауапты № 29-шы жол пайдалану учаскесінің қызметкерлері жолды қардан тазалап, көліктердің тоқтаусыз жүруін қамтамасыз етіп тұр.
Ал, 14 ақпанда қатты боран салдарынан «Өскемен-Шемонаиха-Ресей шекарасы» республикалық тас жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды.
Сонымен қатар, «Күршім-Қалжыр» учаскесіндегі де жол жабылды. Қазір «Қазақавтожол» мекемесінің облыстық филиалында 150-ден астам қар тазалау техникасы бар.
Ауа райы нашарлаған кезде жол саласының мамандары күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді.
Берік КӨШЕРБАЕВ