Министрлік бір ай ішінде жаңа жұмыс орындарын анықтайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министрлік бір ай ішінде жаңа жұмыс орындарын анықтайды

13.02.2015
Министрлік бір ай ішінде жаңа жұмыс орындарын анықтайды

Президенттің  Үкiметтiң кеңейтiлген отырысында берген тапсырмасына сәйкес, өңiрлердегі жаңадан ашылатын жұмыс орындарының саны 15 наурызға дейін анықталады.  Бұл туралы бүгiн Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова хабарлайды.

Қазір министрлік барлық өңірде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қандай жобалар іске асатындығын және қанша жұмыс орыны ашылатындығын анықтап жатыр.

Анықталып болған соң,  азаматтар осы жаңа  жұмыс орындарына орналастырылады. Барлық шара өңірлік жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүзеге асады.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу