Бүгін Астанада қала әкімі Әділбек Жақсыбековтің жетекшілігімен мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мәселесі талқыланды.
Жиынға мемлекеттік органдардың қалалық филиал басшылары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарының өкілдері қатысты.
Кеңесте медициналық қызмет көрсету, тұрғын үй, жер телімін рәсімдеу, балабақша кезегі, Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қағазбастылық мәселелері қаралды.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ