Астанада 28 жастағы азамат 8 келіден астам героинмен ұсталды. Ол теміржол вокзалында қолға түсті.
Тексеру кезінде күдіктінің есірткі затын теміржол тасымалы арқылы Алматыдан жеткізгені, ол үшін ақшалай сыйақы алмақ болғаны анықталды.
Енді ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Индира БЕГАЙДАР