Батыс Қазақстан облысында балықтарды құтқару шарасы басталды.
Науқанның жылдағыдан ерте ашылуына қытымыр аяз бен қардың мөлшерден артық түсуі себеп болды.
Қазір суы таяз өзен-көлдердегі мұздың қалыңдығы 30 сантиметрден 1 метрге дейін жеткен.
Табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастамасына студенттер мен жергілікті тұрғындар қолдау білдірді.
Рауан ДИӘЛИ