Қостанайдағы тәжік-өзбек бірлестігі облыстағы әлеуметтік орталық тұрғындарына тегін түскі ас берді.
«Шарқ» бірлестігінің құрылғанына биыл - 12 жыл. Осы уақыт ішінде олар көптеген игі іске мұрындық болып, облыстағы танымал қоғамдық ұйымға айналды.
Орталық тұрғындары бірлестіктің өздеріне назар аударып, сый-құрмет көрсеткеніне дән риза.
Қазір әлеуметтік мекемені 111 адам паналап отыр. Олардың 64-і - 18 жасқа дейінгі балалар.
Дәуренбек ӘБДІБЕК