Қызылорда облысында 7 мекеме қызметкерлеріне жалақы төлемеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында 7 мекеме қызметкерлеріне жалақы төлемеген

09.02.2015
Қызылорда облысында 7 мекеме қызметкерлеріне жалақы төлемеген

Бұл туралы облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының басшылығы мәлімдеді.

Жалпы берешек – 138 миллион 510 мың теңге. Жалақы төлемей отырғандар негізінен құрылыс компаниялары.

Мәселен, «МИГ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 113 қызметкеріне қарыз. Ал, өзі банкрот деп танылды.

Мамандар кәсіпорынның берешегін қайтару жұмыстарымен айналысуда.

Жалпы «қара тізімге» алынған барлық мекемеге бір апта уақыт берілді. 15-ші ақпанға дейін қарыздан толық құтылмаса, басшыларына қатаң шара қолданылады.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу