Ақтаудағы 25/744 әскери бөлімінің сарбаздарын әскери басшылары соққыға жыққан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы 25/744 әскери бөлімінің сарбаздарын әскери басшылары соққыға жыққан

09.02.2015
Ақтаудағы 25/744 әскери бөлімінің сарбаздарын әскери басшылары соққыға жыққан

Сарбаздарды ұрып-соғу дерегі бірнеше рет қайталанғанға ұқсайды. Жәбір көрген 6 жауынгер әр түрлі уақытта таяқ жегенін алға тартыпты.

Басшыларының қысымына төзбеген сарбаздар Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасына арыз жазған. Тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқан орган өкілдері әскери қызметкерлер өкілеттілігін асыра пайдаланған, дейді.

Сараптамада олардың денесіне жеңіл залал келгендері анықталды. Көрген куәлар бар. Қылмыстық әрекеттер толықтай бекіп, негізгі қорытындыны сот қоятын болғандықтан, сот шешімін күтеміз.

Айып тағылған аға лейтенант пен 3 сержантқа қатысты сот отырысы келесі аптада болады. Олар уақытша қызметінен босатылды. Әскери сот шенділерді айыпты деп табатын болса, 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

ЖАЗИРА ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу