Ақтөбеде гимназия мұғалімі оқушыны ұрған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде гимназия мұғалімі оқушыны ұрған

05.02.2015
Ақтөбеде гимназия мұғалімі оқушыны ұрған

Ақтөбеде мектеп мұғалімі оқушыны ұрып, басына зақым келтірген.

Қалалық білім бөліміне арыз түсірген баланың анасы №51 гимназияның география пәні мұғалімінің жұмыстан қуылуын талап етіп отыр.

Ал, білім ордасының басшылығы қызметкеріне тек сөгіс жариялаумен ғана шектелген.

Темірлан Ізбасаровтың анасы ұлының бес күн бойы ауруханада жатып шыққанын айтады.

Облыстық Ішкі істер департаментінің мамандары дерек бойынша іс қозғады.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу