Бердібек Сапарбаев Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын аралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бердібек Сапарбаев Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын аралады

04.02.2015
Бердібек Сапарбаев Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын аралады

Бүгінде жобалық қуатқа жеткен өндіріс орнында 300-дей жұмысшы тұрақты еңбек етіп, жылына 60 миллион дана кірпіш шығарады.

Осы кәсіпорынның шаңырағы астында Бердібек Сапарбаев облыстың ірі өндіріс орындарының басшыларының қатысуымен арнайы жиын өткізді.

Жиын барысында 22 миллиард теңгені қамтитын 13 меморандумға қол қойылды.

Ал, Солтүстік Қазақстан облысында Үкімет басшысының орынбасары ең алдымен Петропавлдағы ауыр машина зауытының тыныс-тіршілігімен танысты.

Мұнда қазір мұнай өндіру, су тарту, жылу-энергетикалық салаға қажетті қондырғылар шығарылады. Зауыт жылына 7 миллиард теңгенің өнімін өндіреді.

Жиын соңында Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен жергілікті компаниялар өзара әріптестік пен әлеуметтік қамсыздандыру туралы құны 14 миллиард теңгенің меморандумына қол қойды.

 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу