Су жаңа құбырлар жарамсыз күйге түскендіктен, Шымкенттегі Сәуле шағын ауданындағы 300-ге тарта отбасы ауызсуға зар болып қалды.
Жергілікті тұрғындар «Бар кінә мердігердің сапасыз жұмысынан», дейді.
Себебі, көшедегі құбырлар да, есептегіш құралдар да бүгінде қайта алмастыруды қажет етеді.
Тіршілік нәрінен тарыққан тұрғындар Ұлттық арнаға хабарласып, көмек сұрады.
Айнұр АҚБАЕВА