Оңтүстік Қазақстан облысында банкоматтан ірі көлемде ақша ұрланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында банкоматтан ірі көлемде ақша ұрланды

03.02.2015
Оңтүстік Қазақстан облысында банкоматтан ірі көлемде ақша ұрланды

Оңтүстік Қазақстан облысында 7,5 миллион теңге қолды болды.  Оқиға Шардара қаласында түнгі уақытта болған.

Ірі көлемдегі қаражат дүкенге орнатылған банкоматтан ұрланған.

Әзірге белгілісі, қаражат «Қазақстан Халық Банкінің» аудандық бөлімшесіне тиесілі. 

Бірақ, оны кім және қалай алып кеткені туралы ақпарат жоқ.

Күдіктілерді іздестіруге өңірдің барлық тәртіп сақшылары жұмылдырылды.

 

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу