Бельгияда тұмаудан 11 жастағы қыз қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда тұмаудан 11 жастағы қыз қайтыс болды

02.02.2015
Бельгияда тұмаудан 11 жастағы қыз қайтыс болды

Балалар арасында бірінші рет тіркелген қайғылы оқиғадан кейін ғана билік ресми түрде елде «тұмау эпидемиясы» деп жариялады.

Соңғы 2-3 күннің ішінде Брюссельде тұмауратқан 540 адам тіркелген. Дәрігерлер, қолайсыз ауа райы алдағы аптада вирусты одан сайын қоздырып, науқастардың саны көбейетінін айтады.

Қайғылы оқиға қайталанбас үшін ақ халаттылар тұрғындардан аурудың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ, уақытты өткізбей, ауруханаларға келулерін сұрайды.    

Терри Мартин, Жұқпалы ауруларға қарсы күрес орталығының директоры:

Бізде жылына тұмаудан жүздеген адам қайтыс болады. Вирус онсызда ағзасы әлсіз қарттардың ауруларын асқындырып, арты қайғылы оқиғаға ұласатын.

Биыл негізінен H1N1, B және H3N2 вирустары өршіп тұр. Олар алдымен адамның жүйке жүйесін, жүрегін зақымдайды.

Тұмауға қарсы екпе тұрғындарға былтыр ақпан айында жасалған. Бірақ, соның өзі тиімсіз болып отыр.

Сондықтан, қоғамдық денсаулық сақтау ғылыми институтының ғалымдарына вирусқа қарсы жаңа екпе ойлап табуға тура келеді.

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу