Қазипа Жәкейқызы: Қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген ұлттық қолөнер бұйымдары әлемдік брендтерден кем түспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазипа Жәкейқызы: Қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген ұлттық қолөнер бұйымдары әлемдік брендтерден кем түспейді

02.02.2015
Қазипа Жәкейқызы: Қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген ұлттық қолөнер бұйымдары әлемдік брендтерден кем түспейді

Көздің жауын алған мына дүниелер шебердің қолынан шыққан. Әсіресе, қыз-келіншектерге арналған қол сөмкелер мен үлкенді-кішілі әмияндардың сапасы осы саладағы кәсіпорын өнімдерінен кем емес.

Ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын жасаушылар бар. Енді оны алушылар бар ма деген сұрақ туындайды.

Бүгінде қолөнер бұйымдарын жасайтын шеберлер көп болғанымен - сауда орталықтарынан таппайсыз, табылған күннің өзінде арнайы дүкендер де ғана кездестіруге болады.

Сұраныстың жоқтығынан болса керек, Қазипа әжейдің үйі бүгінде кішігірім мұражайға айналған.

Оюмен өрнектелген тұрмыстық жабдықтар, қызылды-жасылды көрпе-жастықтардың түр-түрі бар. Бірақ, кейуана мақсатым сауда жасау емес,- дейді.

Ісмердің айтуынша, қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген ұлттық қолөнер туындыларына сұранысты арттыруға болады.

Өйткені, салт-дәстүрді бағалайтын әр тігінші ұлттық қолөнерді мықтап қолға алса, көпті таңғалдыратын талай дүние жасауға болатынына сенімді.

 

Гүлжайна ӨМІРБЕК

Хабарламаларға жазылу