Бүгінгі жиын барысында ұлттық компаниялар мен Қарағанды облысындағы өндірушілердің қатысуымен жалпы құны 60 миллиард теңге болатын 50-ге жуық меморандумға қол қойылды.
Үкімет басшысының орынбасары шарлы бекітпелер мен тіреуіш арматуралар өндіретін зауыт жұмысымен танысты.
35 адам еңбек ететін кәсіпорынға неміс инвесторы 1 миллиард теңге қаржы құйған.
Жамбыл облысында Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен ең ірі деген 11 кәсіпорын облыс әкімдігі, кәсіподақ комитеттері мен ұлттық компаниялар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, енді өндіріс орындары алдымен мамандарды қысқартпауға және еңбек заңдылықтарын қатаң сақтауға міндеттеме алды.
Меморандум жүктейтін тағы бір міндет – сатып алу ісінде отандық үлесті арттыру.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ