Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына барды (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына барды (толығырақ)

02.02.2015
Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарына барды (толығырақ)

Еліміздегі ұлттық компаниялар сатып алатын тауар, жұмыс пен қызмет түрлерінде қазақстандық үлес артуы тиіс,- деді Бақытжан Сағынтаев.

Жиын соңында осы өңірге вице-премьермен бірге барған бірнеше ұлттық компания басшылары жалпы құны 74 миллиард теңгені құрайтын түрлі тауарларды Шығыс Қазақстандағы кәсіпорындардан сатып алуға келісім жасап, 8 меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, Үкімет басшысының бірінші орынбасары Павлодарға барды. Аймақта жуырда ғана дамудың негізгі үш бағыты белгіленген стратегиялық бағдарлама қабылданған болатын.

Өндіріске инвестиция тартып жаңа жұмыс орындары көптеп ашылатын болады. Осы арқылы экономиканы жыл сайын 6-8 пайыз көлемінде ұлғайтудың мүмкіндігі бар.

Жиын барысында ұлттық компания басшылары жергілікті кәсіпорындармен 9 меморандумға қол қойды.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу