Сағын Бекбол Алматы ауданында 92 ірі және орта өнеркәсіп ошағының жұмыс істейтінін айтты.
Ауданға қарасты кәсіпорындар былтыр 196,7 миллиард теңгенің өнімін өндірген.
Тұрғын үй-коммуналдық мәселелер де назардан тыс қалмады. 2011-2014 жылдар аралығында жаңғырту бағдарламасы аясында аудан бойынша 31 тұрғын үй жөндеуден өткен.
Сағын Бекбол, Алматы ауданының әкімі:
Білім ошақтарындағы орын тапшылығын азайту мақсатында №72, №73 және №74 жаңа мектептері салынды. Осылайша, мектептерде орын тапшылығы 3600 орынға азайды.
Сонымен қатар, 2015 жылы ауданда Ахмет Байтұрсынұлы көшесі бойында 1200 орындық мектептің құрылысы мен №22 мектепке қосымша 525 орындық ғимарат салу жоспарлануда.