Отырыста ұлттық компаниялар мен облыстағы өндірушілердің қатысуымен жалпы құны 60 миллиард теңге болатын 50-ге жуық меморандумға қол қойылды.
Сонымен қатар, былтыр Жезқазған мыс қорыту зауыты мен кремний шығаратын кәсіпорынның жұмысы қайта жанданған болатын.
Бердібек Сапарбаев Елбасының ерекше назарындағы «Шағын қалаларды дамыту» және «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламаларының жүзеге асырылу қажеттігін айтты.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ