Кәсіпкердің басты мақсаты – түйеқұстардың аналық басын көбейтіп, құс етін өндірумен айналысу. Себебі, Қазақстан нарығында түйеқұстың бір келі еті 10 мың теңге тұрады.
Түйеқұстар қыста жұмыртқаламайды. Бірақ, жазғы маусымда бір аналық құс 60-80 жұмыртқа береді.
Олардың бойы 3 метрге дейін, ал салмағы 200 келіге дейін жетеді. Бірақ, бір қызығы құстар тәулігіне 2,5 келі ғана жем жейді.
Соған қарамастан салмақты тез жинайды. Мәселен, 9 айда 90-100 келі салмақ қосады. Бір ғана әттеңайы, өздері балапан баспайды. Ол үшін арнайы инкубаторлар керек.
Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ