Шымкентте «Астана-Сарыағаш» бағытымен келе жатқан жолаушылар пойызы қала маңында тоғыз жасар баланы қағып кетті.
Қайғылы оқиға таңғы сағат 07.30 шамасында болған. Соның салдарынан 3-сыныптың оқушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Төтенше жағдайға байланысты пойыз 10 минутқа тоқтаған.
Қазір оқиға бойынша желілік Ішкі істер қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізуде.
Айнұр АҚБАЕВА