Ақмола облысындағы бүркітшілер қолдауға мұқтаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысындағы бүркітшілер қолдауға мұқтаж

28.01.2015
Ақмола облысындағы бүркітшілер қолдауға мұқтаж

Ақмола облысында бүркітшілік пен саятшылық өнерін 44 бозбала үйренуде. 

«Бүркітшілік спорт ретінде қолға алынып жатқанына ризамыз. Алайда елімізде жылына небәрі 3-4 рет қана жарыс өтеді. Бұл әрине аз. 

Құсбегілер жарыстарға қалталарынан шығынданып барады.

Оған да келісеміз, тек жүлде қоры қомақты болса игі болар еді. Пайда табу үшін емес, бүркітке кеткен шығынды жапса болғаны», - дейді бүркітші Бергенбай Тастанбек.

Оны өзге әріптестері де қолдап отыр. Олар бүркітшілік өнерді халықаралық деңгейге көтерсек, деген игі ниеттерін де жеткізді.

 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу