«Қазпочта» қызметінің сапасы сын көтермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазпочта» қызметінің сапасы сын көтермейді

28.01.2015
«Қазпочта» қызметінің сапасы сын көтермейді

Мұндай мәселелерді Мәжілістің жалпы отырысында депутат Алмас Тұртаев көтерді.

Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевке жолданған депутаттық сауалда «Қазпоштаның» нәтижесіз жұмысы сөз етіледі.

Мекеменің аймақтағы қызметкерлері бар-жоғы 5 мың теңге көлемінде жалақы алатындығы айтылған.

Ал, орталық аппараттағыларға 10 есе жоғары ақша төленсе, басшылық сыйақы, түрлі бонустардан кенде емес.

Сорақысы – соңғы кездері пошта арқылы жіберілетін заттардың жоғалу фактілері анықталған.

Депутат Парламент қабырғасында мұндай мәселелердің бірнеше мәрте қозғалса да, нәтиже болмай отырғандығына алаңдаулы. 

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу