Қарағанды облысында 2014 жылы 4100-ден астам мал ұрланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында 2014 жылы 4100-ден астам мал ұрланған

28.01.2015
Қарағанды облысында 2014 жылы 4100-ден астам мал ұрланған

Барымташылар көбіне топ болып әрекет етеді. Өткен жылы осындай 30 топ ұсталса, соның 16-сы аса ірі қылмыстық ұйым.

Мал көп жағдайда дер кезінде идентификациялық ен салмаудан, өріске бақташысыз жіберілуден ұрланған. Малдың 1332-сі жылқы, қалғаны сиыр, түйе және қой-ешкі.

Ал, шетелдегідей спутниктік трекер орнатып, төрт түлігін сырттай бақылайтын ауқатты фермер аз.

Сондықтан «бақташының қолына радиобайланыс құралын беріп, малды дұрыс қарау қажет», дейді тәртіп сақшылары.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу