Әкімшілік құқық бұзушылардан өндірілген айыппұл көлемі 60 пайызға артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімшілік құқық бұзушылардан өндірілген айыппұл көлемі 60 пайызға артқан

23.01.2015
Әкімшілік құқық бұзушылардан өндірілген айыппұл көлемі 60 пайызға артқан

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың айтуынша, бұл – құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидасын енгізудің жемісі.

Нәтижесінде, мемлекет қазынасына 60 миллиард теңге түсті. 

Сондай-ақ, қазір кәсіпкерлікті жаппай қолдау, заңсыз тексерістерге тосқауыл қою жөніндегі жұмыстар да жалғасуда.

Прокурорлар бүгінге дейін 10 мың кәсіпкердің құқын қорғап, заңды бұзған 900-дей мемлекеттік қызметкерді жауапқа тартқан.

 

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу