Анкарада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Елшілері баспасөз мәслихатын өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анкарада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Елшілері баспасөз мәслихатын өткізді

23.01.2015
Анкарада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Елшілері баспасөз мәслихатын өткізді

Бұл туралы Анкарада Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің елшілері өткізген баспасөз мәслихатында айтылды.

Жиын 1 қаңтардан бастап күшіне енген Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты ұйымдастырылды.

Түрік елінің БАҚ өкілдері, ұйым төңірегінде көкейде жүрген сауалдарын қойып, одақ туралы ақпаратты молынан алды.

Елші Жансейіт Түймебаев, еуразиялық интеграция идеясын 1994 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев алғашқы болып көтергенін айтты.

Сондай-ақ, ол баспасөз конференциясында журналистерге одақтың құрылымы, мақсат, міндетттері туралы мәлімет берді.

Айта кету керек, Түркия да Еуразиялық экономикалық одақ аясында еркін сауда аймағын құруға ниет білдіріп отыр.

 

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу