Жақында Мәжілістің бір топ делегациясы Германияға сапарлайды.
Депутаттар Германияның федералдық канцлеріне 2017-18 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын ілгерілетуге қатысты Елбасының жолдауын табыс етеді. Дариға Назарбаева іс-сапардың аса маңызды екенін атап өтті.
Сондай-ақ, екі елдің қарым-қатынасы тұрақты, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстары жүйелі дамып келе жатқанын жеткізді.