Астана қаласының Алматы аудандық Ішкі істер бөлімі ұрыларды ұстауға атсалысқан такси жүргізушісі Берік Мұқатаевты марапаттады.
Салтанатты жиында сөз алған бөлім бастығы «Азаматтық борышын абыроймен атқарған 30 жастағы Берік Мұқатаевтың ерлігі баршаға үлгі», - деді.
Оқиға өткен жылдың үшінші қарашасында болған. Қазіргі уақытта букмекерлік мекемені тонағандардың ісі сотта қаралуда.
Ғабит ҰЗАҚБАЙ