Ішкі істер органдарына қызметке қабылдаудың жаңа жобасы да осы облыста жүзеге асырылады.
Осы мақсатпен Ішкі істер департаментінде «бір терезе» жүйесі бойынша жұмыс істейтін арнайы кабинет ашылды.
Онда полиция құрылымдарындағы бос жұмыс орындарының және жұмысқа қабылдау үшін қажетті құжаттар тізімі қойылған.
Құжаттар тізімін компьютер арқылы ғаламтордан да көруге мүмкіндік бар. Құжаттарды жазбаша немесе электронды түрде жіберуге болады.
Болат АМАНБАЕВ