Оралда жылу есептегіш құралдарын орнату мәселесі толық шешілер емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда жылу есептегіш құралдарын орнату мәселесі толық шешілер емес

16.01.2015
Оралда жылу есептегіш құралдарын орнату мәселесі толық шешілер емес

Есептеу құралының құны да оларды кеңінен қолдануға кедергі болып отыр. Бір құрылғы 400 мыңнан 700 мың теңге аралығында тұрады.

Жылу есептегішін орнату қуат көзін үнемдеудің жолы. Алдағы күндері жылуға сараланған тариф енгізу көзделіп отыр.

Инвестициялық бағдарлама аясында Орал қаласында 422 үйге есептегіш қондырғысы орнатылған.

Апатты және жертөлесі жоқ үйлерді есепке алмағанда, ендігі кезекте 468 үй тұр.

Қазіргі таңда «Жайықжылуқуат» мекемесі қажетті қондырғыларды сатып алу үшін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қорына өтінім жолдап отыр.

 

Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу