Бұл сөз соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіліп қойылған.
Мұсылман әлемінде кеңінен аталып өтетін мейрам бір ай тойланады. Яғни, 30 күн бойы жамағат Алла елшісінің қадір-қасиетін мадақтап, оған шексіз салауаттар айта алады.
Ал, қасиетті жұма күні мешітке жиналған он мыңнан астам мүмін мәуліт оқыды.
Нұрлы мерекенің шуағы ретінде жиналған қауымға Пайғамбарымыздың сүйікті жемісі – құрма таратылды.
Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ наиб мүфтиі, «Әзірет сұлтан» мешітінің бас имамы:
Мәуліт мерекесінің құрметіне Пайғамбарымызға салауат айтқан адамға Алланың періштелері оған 10 рет жақсы тілек тілейді екен.
Ақ дастарқанын жайып, үйінде білген дұғасын оқып, құран-сүрелерден және осындай Пайғамбар салауаттарынан көптеп оқитын болса, сол үйге періштелер көптеп жиналып, сол отбысының тілегі, ниеті қабыл, мұраты асыл болады екен.
Ләззат БЕКТАС