Қостанай облысындағы Жамбыл ауылында аудан әкімі есеп берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысындағы Жамбыл ауылында аудан әкімі есеп берді

16.01.2015
Қостанай облысындағы Жамбыл ауылында аудан әкімі есеп берді

Халықтың алдында шыққан әкім бұл айтылғандардың бәрі әрдайым биліктің назарында екенін жеткізді.

Мектепке дейінгі білім берумен қамту ісі әзірге шағын орталықтардың есебінен жүзеге асып отыр.

Жуық арада жаңа балабақша ғимаратын салуға мемлекет тарапынан қаржы бөлу туралы жоспар жоқ. Әйтсе де мәселені шешудің басқа жолдары бар.

Мұнан соң ауылды тұрмыс қалдықтарынан тазалау мен көшелердің қарын уақытылы аршып отыру жайы да сөз болды.

Себебі бораннан соң жекенікін былай қойғанда қоғамдық көліктердің де жүруі қиындап кетеді.

Билік басындағылар мүмкіндігінше барлық түйінді шешіп, тұрғындар үшін қолайсыз жағдайлардың туындамауына күш салатындарын жеткізді.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу