Балалардың қысқы ойындардан жарақат алуы жиілеп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалардың қысқы ойындардан жарақат алуы жиілеп кетті

15.01.2015
Балалардың қысқы ойындардан жарақат алуы жиілеп кетті

Сырғанақ, шаңғы, коньки ойындарынан жарақат алып, дәрігерге жүгінетін балалар саны артқан.

Ойынға кіріскен баланы биік сырғанақ та, жоғары жылдамдық та қорқытпайды. Астанада дәрігерлердің көмегіне тәулігіне кем дегенде 90 бала жүгінеді.

Ғабит Бөкенбайұлы, тілші:

Баланың аты - бала. Ол әрқашан шалт қимылды, әрі шапшаң. Көңілі дала деп тұратын баланы үйден шығармау - қиын шаруа.

Медет қысқы демалысының жартысын ауруханада өткізді. Тез арада жарақаты жазылып, сыныптастарымен асыр салып ойнайтын күнді асыға күтіп жүр.

Медет Қанатұлы:

Мен далада сырғанақ теуіп жүріп құлап, қолымды сындырып алдым.

30 орындық жарақат бөлімінде 27 бала емделіп жатыр.

Жарылғасын Бектасов, №2 қалалық балалар ауруханасы жарақат бөлімшесінің меңгерушісі:

Ауыр жарақат алса, жанындағы адам көмек беруге тиісті. Көмек көрсетуді балалар мектепте үйренуі қажет.

Ойын баласы қысты асыға күтеді. Астаналықтар қолы тисе, сырғанақ алаңдарына келіп, көңіл көтергенге асық.

Жанна Әлімжанова, қала тұрғыны:

Әр ата-ана өзі қарауы керек. Баланы жалғыз жіберуге болмайды, қасында бірге жүру керек.

Бүгінде көп бала компьютерге телміріп отыр. Ал, таза ауада асыр салған баланың денесі шымыр, иммунитеті жоғары, көңілі көтеріңкі болары сөзсіз. 

 

 

Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу