Сонымен қатар, облыстық прокуратура қала әкімінің орынбасары Валерий Полешкоға да осындай жаза тағайындауды талап етті.
Себебі, лауазымды тұлғалар салынып бітпеген үйді мемлекеттік қабылдаудан өткізіп жіберген.
Соның салдарынан тұрмысқа қолайсыз үйге қоныстанған жүздеген тұрғын зардап шекті. Олар сегіз ай бойы табиғи газды пайдалана алмаған.
Өйткені, шенділер қабылдап алған ғимаратқа көгілдір отын мүлде тартылмапты. Прокурорлық тексерістен соң бұл кемшілік жойылды.
«Жалпы, мемлекеттік комиссия құрамында бірнеше адам болғанымен, бітпеген үйдің қабылдануына осы екі шенеуніктің кінәлі екені толық анықталды»,- дейді прокурорлар.
Нұрбол Абдрахманов, облыстық прокуратураның бірінші басқармасының аға прокуроры:
Ерденов те, Полешко да - мемлекеттік қабылдау актісіне қол қойған комиссияның төрағалары. Мемлекеттік комиссия төрағалары актіге қол қоймайынша, тұрғын үй қабылданды деп есептелмейді.
Дәуренбек ӘБДІБЕК