Астанаға жақын аудандардағы жарық пен ауызсу мәселесі де бұл жиында май шаммен қаралды. Сапасы сын көтермейтін жаңа мектептерді қабылдап алған аудан әкімдерін де аяп қалмады.
Жиынның негізігі мақсаты – Астана шаһарының іргесіндегі жақын аудандарды дамытып, елді мекендерді азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша жасалатын іс-шараларды пысықтау.
Үкіметтің қаулысымен жақын аудандардың инфраструктурасын дамытуға 2014 жылы кешенді жоспар құрылып, 105 миллиард теңге бөлінген. Жоспар бойынша 194 жобаны іске асыру көзделіп отыр.
Сондай-ақ, жиын барысында алдағы 5 жылдықтың жоспары қаралып, оның іске асыру жобасы талқыға салынды.
Дәулетхан МҰРАТҰЛЫ