Оның айтуынша, «Саяхат» деген үлкен мөлтек аудан, неге екені белгісіз өзгелерден оқшауландырылған. Яғни, жағалай қоршалған, үйлер соның арғы бетінде қалған. Осыған байланысты тұрғындарға не жедел жәрдем көлігі кіре алмайды, не өрт сөндіру қызметі тиісті жерге жете алмайды.
Көрермен сауалына Қызылорда қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қайрат Бекенов жауап берді.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде (7172) 55-38-50 телефон қоңырауларын қабылдап, түйткілді мәселелердің шешілуіне жәрдем жасайды.