Ақтөбе облысы, Алға қаласының тұрғыны 2001 жылдан бері өзінің атына жазылған үйді иелене алмай, әуре-сарсаңға түсіп келеді.
«Бармаған жерім қалмады. Алайда, құзырлы органдар менің талап-тілегімді ескерген жоқ», - дейді Зәуреш Қадіршинова.
Ол осыдан 16 жыл бұрын отбасы жағдайымен екі жыл Ресейде тұруға мәжбүр болған. Ал, өз үйіне қайтып келгенде онда тұрып жатқан жамағайындары мұның құжаттарын жоғалтып алғанын біліп, кіргізбей қойыпты.
Үйдің өзіне тиесілі екенін айғақтайтын құжаттары да түгел. Бірақ, барлық ісі нәтижесіз.
Зәуреш Қадіршинова, Алға қаласының тұрғыны:
Заңсыз. Тек бір-бірін қолдап отыр. Мен құжаттың бәрін көрсеттім. Мені қабылдамайды. Менің үйімді тіркемейді. Ал, мен жер актісін тіркеп, салықты төлеп отырмын.
Арман - аудандық Жылжымайтын мүлік орталығының меңгерушісі. Біз мәселені айтып, оған және аудан басшылығына бардық.
Олар Зәуреш Қадіршинованың ісмен таныс болып шықты. Бірақ, қандай да бір көмек беруге шамалары жоқ. Себебі, сот шешімі оның пайдасына шешілмеген. Баспана иесіз деп танылып, коммуналдық меншікке өтіп кеткен.
Арман Нұрғалиев, аудандық Жылжымайтын мүлік орталығының меңгерушісі:
Кім тұрып жатқанын білмейміз, коммуналдық меншікке бердік. Шыққан шешімді қайта сотқа беру керек. Соттың шешімін бұзу қажет. Ол үшін арыз жазуы тиіс.
Зәуреш Қадіршинова «Сотқа қанша барсам да, еш нәтиже жоқ», дейді.
«Соңғы 14 жыл бойы осы ауданда тұрып жатқан адамның үйін иесіз деп тану - ақылға қонымсыз», - дейді ол.
Зәуреш Қадіршинова, Алға қаласының тұрғыны:
Шикілік Алға аудандық сотынан болып тұр деп ойлаймын.
Зәуреш Қадіршинова қазір қызының қолында тұрып жатыр. Ол әділдіктің орнайтынына әлі де сенеді.
Жақсыбек КЕМАЛ