Оралда өзін «әкімдік қызметкерімін», деп таныстырған әйел мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге уәде етіп, қала тұрғындарын 198 миллион теңгеге алдап соққан.
«Әзірше зардап шеккендердің жалпы саны - 26. Бірақ, бұл санның артуы да ғажап емес»,- дейді тергеушілер.
Ол бұған дейін де алаяқтығы үшін істі болып, балалары болғандықтан, жазасы кейінге шегерілген.
Рауан ДИӘЛИ