Алматыда Татьяна Шевцова-Валоваға қатысты алдын ала сот отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Татьяна Шевцова-Валоваға қатысты алдын ала сот отырысы өтті

12.01.2015
Алматыда Татьяна Шевцова-Валоваға қатысты алдын ала сот отырысы өтті

Осыдан 7 ай бұрын әлеуметтік желінің 11 пайдаланушысы Татьяна Шевцованың Facebook әлеуметтік желісіндегі ұлтараздықты қоздыратын бірнеше пост жазғанын айтып, ІІД-не арыз түсірген.

Бүгін айыпталушы қорғаушысының келмеуіне байланысты сот отырысы 23-қаңтарға шегерілді.

Оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Бірнеше скринге филологиялық талдау жасалған.

Жазбаларда тек ұлтараздықты қоздыру ғана емес, сепаратистік әрекетке бару белгілері де көрініс тапқан.

Егер айыбы дәлелденетін болса, 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылады. Ал, айыпталушы Facebooк парақшасындағы посттарды менің атымнан басқа біреу жазған деп ақталуда.  

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу