Бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 24 пайызға көп. Осы себепті биыл жол ережесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстегі бірнеше бап алып тасталып, Қылмыстық Кодекске енгізілді.
Көлікті мас күйінде басқарып, бір емес, бірнеше мәрте жол полицейіне ұсталғандарға енді, аяушылық болмайды.
Бұрын соңды бұл қарекеті үшін 20 күн қамауға алынып құтылатын жүргізушілер, енді 3 айға дейін үй көрмей кетуі мүмкін. Болмаса 500 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Жол ережесіне қатысты бұл бап, биылдан бастап, Қылмыстық Кодекске еніп қатайтылды.
Нәтижесінде еліміз бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылғандарға салынған айыппұл көлемі 2014 жылы 26 миллиард 42 миллион теңге болды. Оның 21 миллиард 672 миллионы жол ережесін бұзғандардың үлесінде.
Қызу талқыланып жүрген автокресло мәселесі де тыс қалмады. Жауапты орган өкілдері «жаңа Заң қабылданғалы жұрт балаларына автокресло іздеп сенделіп жүр», дейді.
Алайда, олардың құны қымбат, әрі елімізде бұл құрылғының тапшылығы байқалады.
Сондықтан жол полицейлері орындықтың орнына қауіпсіздік белбеулерін біріктіретін құрылғылармен қамдануға кеңес береді.
Айдана ҮСЕНБАЙ